27 наурызда күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-240 (KZKDKY200043) төртінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

16.03.15 17:39
/KASE, 16.03.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2015 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық (Алматы уақыты) өткізілетіні туралы хабарлайды --------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-240 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY200043 Шығарылымның реттік саны: 4 / 240 KASE сауда-саттық коды: MUM240_0004 Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00 Төлеу күні: 50 000 000 Айналысқа жіберу күні: 29.01.15 Айналыста болудың соңғы күні: 28.01.35 Өтеу мерзімі: 29.01.35 Айналыста болу мерзімі: 20 жыл (7 200 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,07 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонды төлеу күні: жыл сайын 29 қаңтарда Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ----------------------------- Сауда-саттық күні: 27.03.15 Өтеуге дейінгі мерзім: 19,8 жыл (7 142 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 40 000 000 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 70 %: http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы "Бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен сауда- саттықтарды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" # 170 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" # 61 қаулысына сәйкес, 2012 жылдың 15 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықққа қатысу үшін берілетін өтінімдерді тек, екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясына иеленген, сақтандыру ұйымдары немесе зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын, KASE қор нарығының мүшелері ғана құқылы. Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар тек жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен және мүддесіне ғана сауда-саттыққа қатыса алады. Бағалы қағаздармен және басқа да қаржылық құралдармен сауда саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінің мәтіні KASE интернет– сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/post_170.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-03-16]