АНОНС:2015 ЖЫЛДЫҢ 18 НАУРЫЗЫНДА "КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ТАРТУ КӨЗДЕРІ" АТТЫ ВЕБИНАР ӨТЕДІ

13.03.15 17:58
/KASE, 16.03.2015/ – 2015 жылдың 18 наурызында сағат 11:00-де "Параграф" ақпараттық жүйесінде "Компаниялардың қаржы тарту көздері" атты вебинар өтеді. Вебинар INVEST SHOW (www.investshow.kz) инвестициялық жобасы көрмесіне дайындық аясында өтеді. Вебинарды жүргізушілер: Талғат Қамаров – "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқарма төрағасы Тобыл Жылқыбаев – "Сентрас Инвест"ЖШС басқарушы директоры Тимур Турлов – "Фридом Финанс" АҚ Бас директоры Евгений Мұхамеджанов – "ИРБИС" ақпараттық қаржы нарығы агенттігі" ЖШС Бас директоры. Вебинар аясында төмендегі мәселелер қаралады: - Қазақстандық нарық капиталы – қарыздық қаржыландыру және акционерлік капиталдың балама көздері. - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) листингтің жаңа ережелері үміткерлерге деген кіру талабын едәуір төмендетті. - Компанияның биржада стратегиялық өсудегі тәжірибелік нұсқаулықтары. - Компанияның ашықтылығы қаражат тартуға көп мүмкіндік бере ме? - IPO-ға кіру үшін не қажет? - Қаржы нарығын қаражат тарту алаңы ретінде пайдалану үшін компанияның парметрлері қандай болуы қажет? - Басқа қаржыландыру әдісіне қарағанда, IPO кіру кезінде ШОБ қандай артықшылықарға ие болады? - Компанияларға венчурлық қорлармен қалай жұмыс істеу керек? - Жеке инвесторға қаражатты қалай дұрыс салу қажет? - Қаржы нарығы жаңа эмитенттерді тарта отырып, не алады? - "БАСТ" АҚ компанияны қор нарығында ағымдағы жағдайда орта және шағын бизнес сегментінен орналастыру мысалы ретінде. Вебинареға қатысу үшін http://prg.kz/webinars_current#5 мекен-жайында тіркелу қажет. Вебинар беттерінде тіркеу формасынан басқа нормативтік құжаттар мен жоғарыда мәселелер бойынша ақпараттар орналасқан. 2015 жылдың 18 наурызында "Almaty Towers" КСК (Ball room) INVEST SHOW (www.investshow.kz) инвестициялық жобаларының көрмесі өтетінін KASE ескертеді. Іс-шараны ұйымдастырушы ретінде KASE еншілес ұйымы – "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС қатысады. Іс-шара туралы толық ақпаратпен http://www.kase.kz/news/show/1247729 мекен-жайында танысуға болады. [2015-03-16]