"Халық банкінің еншілес ұйымы - «Halyk Finance» АҚ халықаралық «EMEA Finance» журналының «EMEA Finance Achievement Awards» бойынша төрт марапатына ие болды

10.03.15 14:34
/KASE, 10.03.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Әйгілі әрі беделді халықаралық "EMEA Finance” журналы (www.emeafinance.com) жыл сайын өтетін "EMEA Finance Achievement Awards 2014" атты капиталдың халықаралық нарықтарындағы ең үздік мәмілелерді мұқият іріктеу нәтижелері бойынша "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – "Halyk Finance") ұйымдастырған 3 мәміле әр түрлі үш санатта жеңімпаз болып танылды, сондай-ақ Halyk Finance басқарушысына жеке марапат ұсынылды. Акциронерлік капиталдың нарығындағы ең жақсы мәмілелер арасында "Жекешелендіру шеңберіндегі ең үздік ІРО" ("Best Privatization IPO") атты номинациясы 2014 жылғы желтоқсан айындағы қазақстандық нарықта «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларын жалпы сомасы 13,1 млрд теңгеге орналастыру жөніндегі мәмілеге берілді, аталған мәміледе Halyk Finance Қаржы кеңесшісі және Андеррайтер қызметін атқарды. Бұған қоса, Halyk Finance-тың 2 мәмілесі капиталдың борыштық нарығындағы ең үздік мәмілелер арасында белгіленді. "Швейцария франкіндегі облигациялардың ең үздік шығарылымы" ("Best Swiss Franc Bond") атты номинациясында EMEA Finance жеңісті 2014 жылғы маусым айындағы айналым мерзімдері 5 және 8 жыл болатын жалпы сомасы 285 млн Швейцария франкіне "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚТЖ")" дебюттік Еврооблигацияларының 2 траншын шығару және орналастыру жөніндегі мәмілеге берді, онда Halyk Finance Бірлескен Жекетші Менеджер және Букраннер қызметін атқарды. Аталған мәміле Қазақстан тарихындағы Швейцария франктерінде деноминацияланған облигациялардың көпшілікке жария болған ең алғашқы шығарылымы болып табылады, ал ҚТЖ швейцариялық бағалы қағаздар нарығына шыққан тарихтағы 1-ші қазақстандық эмитент болып шықты. Бұған қоса, 2,59% мөлшеріндегі ҚТЖ 5-жылдық траншы бойынша купонның мөлшерлемесі қазақстандық эмитенттердің барлық облигациялық шығарылымдары арасында ең төмен купондық мөлшерлеме болды. "Облигациялардың ең үздік ұлтаралық шығарылымы" ("Best Supranational Bond") атты номинациясында EMEA Finance жеңісті 2014 ж. тамыздағы айналым мерзімі 5 жыл болатын жалпы сомасы 20 млрд теңгеге Еуразиялық Даму банкінің (бұдан әрі – "ЕАДБ") теңгелік облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі мәмілеге берді, онда Halyk Finance Қаржы кеңесшісі және Андеррайтер қызметін атқарды. Бұған қоса, көптеген мықты кандидаттар арасында тиянақты әрі мұқият іріктеу жүргізгеннен кейін, Halyk Finance басқарушысы – Арнат Абжанов – халықаралық инвестициялық банкинг саласындағы аса беделді - "Жыл Мәмілелерін Ұйымдастырушысы" ("Dealmaker of the Year") атты номинациясының жеңімпазы болып атанды. EMEA Finance-тың редакторы Тим Бёрк: "Өткен жылы Қазақстанда, сондай- ақ одан тыс жерде, борыштық және үлестік бағалы қағаздар нарығында көптеген жоғары дәрежелі мәмілелер жасалды. Halyk Finance-тың көптеген негізгі транзакцияларды ұйымдастырудағы рөлі Halyk Finance командасының көлемді әрі нәтижеге бағытталған мәмілелерді құрылымдаудағы шеберлігінің әділ дәлелі болып табылады. Бұған қоса, біз Halyk Finance-тың табысына жеткізген Абжанов Арнаттың қосқан жеке үлесі мен жігерін жеке түрде атап өтіп, барлық Еуропа, Таяу, Орта Шығыс пен Африка елдеріндегі "Жыл Мәмілелерін Ұйымдастырушысы" атты марапатымызды беруді мақтан етеміз" – деп түсінік берді. Halyk Finance Басқармасының Төрағасы Арнат Абжанов: "2014 жылы біз аса көлемді жұмыс атқардық, өз клиенттеріміз үшін аса маңызды белгілі жобалардың бір қатарын іске асырдық – солардың ішінде Швейцария франктеріне деноминацияланған ҚТЖ дебюттік Еврооблигацияларын шығару, сондай-ақ ЕАДБ теңгелік облигацияларын орналастыру, олар бағалы қағаздар нарығындағы айтарлықтай құбылмалылық аясында шын мәнінде қамал бұзарлық мәмілелер болып шықты. Сонымен қатар біз жетістіктерімізге борыштық және акционерлік капитал нарығындағы соншалықты беделді әділ халықаралық қазылар алқасы жоғары баға бергенін мақтан етеміз, бұл жөнінде "Халықтық ІРО" бағдарламасы шеңберінде табысты жүргізілген "KEGOC" АҚ қарапайым акцияларын орналастыру бойынша мәмілеге берілген беделді марапат куәландырады. Барлық осы марапаттар кезекті рет Halyk Finance қызметкерлерінің әрқашанда зейінді болуы мен жоғары сапалы қызметтерді көрсетуге дайындығын куәландырғанымен қоса, біздің клиенттеріміздің командаларының аса жоғары кәсіпқойлығына лайықты баға берді" – деп атап өтті. Halyk Finance қатарынан 5-ші жыл "EMEA Finance Achievement Awards" беделді марапаттарына ие болып келеді – 2011-2014 жылдар аралығындағы кезең бойынша компания "EMEA аймақтағы Корпоративтік Облигациялардың ең үздік Шығарылымы" ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ), "Орталық және Шығыс Еуропадағы Ең үздік IPO" ("Кселл" АҚ), "Депозитарлық Қолхаттардың Ең үздік Бағдарламасы" ("Кселл" АҚ), "Ең Инновациялық Облигациялар" ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ), "Малайзиялық ринггиттардағы ең үздік Сукуктар" ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ) және 2 "Тәуелсіз қорлармен жасалатын ең үздік мәмілелер" ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ) санаттарында 7 жүлдеге ие болды цитата соңы [2015-03-10]