/KASE, 03.03.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор
биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Қазкоммерцбанк және БТА екі банктің акционерлерінің 2014 жылғы «26»
желтоқсандағы жалпы жиналыстарымен бекітілген бірігу үлгісін іске
асыруды жалғастыруда.
Казком Кеңес Ракишев мырзадан бір акция үшін 0,24162 теңге бағасы
бойынша БТА Банктің 304 187 299 781 жай акциясын сатып алды. Осының
нәтижесінде Казкомның БТА Банктегі үлесі 47,415%-дан 94,83%-ға өсті.
«Самұрық-Қазына» Қорынан сенімгерлік басқаруға алынған акцияларды
(4,26%) есепке алатын болсақ, Казком БТА Банктің 99,09% жай акциясымен
дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, осыған дейін жарияланған ҚКБ жай акцияларын
орналастыру шарасының аясында Кеңес Ракишев мырза бір акция үшін
575,2 теңге бағасы бойынша Казкомның 127 777 704 жай акциясын сатып
алды және қажетті реттеуші рұқсаттарды ала отырып, Казкомның жаңа ірі
акционері атанды.
цитата соңы
Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_030315.pdf мекен-жайында
танысуға болады.
[2015-03-03]