"ForteBank" АҚ 2015 жылдың 14 наурызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтеді

13.02.15 17:30
/KASE, 13.02.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасы (KASE), төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы Құрметті "ForteBank" АҚ-ның (әрі қарай – "Банк") акционерлері! "ForteBank" акционерлік қоғамы (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов к-сі, 50) өз акционерлеріне Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (әрі қарай – "Жиналыс") күн тәртібі кезектілігі «Директорлар кеңесінің мүшелерін – Банктің тәуелсіз директорларын сайлау және олардың тиянақталған ай сайынғы сыйақы мөлшерін белгілеу туралы» деген тоғызыншы сұрақпен толықтырылатындығы туралы хабарлайды. Бұрын хабарланғандай, жиналыс 2015 жылғы 14 наурызда Алматы уақытымен сағат 09.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов к-сі, 50, 3-қабат, № 1 мәжіліс- залы. Қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 14 наурызда Алматы уақытымен сағат 08.00-ден бастап жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі 2015 жылдың 06 наурызындағы Алматы уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. Жиналыстың күн тәртібі (аталған толықтыруды ескере отырып): 1. Банк есептік комиссиясының сандық құрамын, өкілдік мерзімін белгілеу және мүшелерін сайлау туралы. 2. Банктің 2014 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы. 3. Банктің 2014 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Банктің бір қарапайым акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы. 4. Банк Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есеп беруі туралы. 5. Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жолданымжары және оны қарастырудың нәтижелері туралы. 6. Директорлар кеңесі мүшелерінің және Банк Басқармасының 2014 жылғы сыйақы мөлшері және құрамы туралы. 7. Банктің жарияланған артықшылықты акцияларын Банктің қарапайым акцияларына ауыстыру шарттарын, мерзімін және тәртібін белгілеу туралы. 8. Банктің 2015-2020 жылдардағы және 2015-2020 жылдар үшін қаржы есебін аудиттеу үшін Банктің аудиторлық ұйымын белгілеу туралы. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес "оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасы қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 04-01-14/1615 хатын қараңыз) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды". Аталған баптың 5-1 тармағына сай "Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді". Осы тармақтың екінші абзацында "көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейтіні көзделген". Осыған байланысты тіркеу кезінде Жиналысқа қатысушылар өздерінің Жиналысқа қатысу және Жиналыста қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру құқығын растайтын құжаттарды берулері қажет. Банк акционерлері Жиналыс материалдарымен "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде және тәртіппен мына мекен-жайда таныса алады: Алматы қ., 050004, Фурманов көш., 50. Жиналысты өткізуге кворум болмаған жағдайда, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы қайтадан 2015 жылғы 15 наурызда алматы уақытымен сағ. 09.00-ден бастап мына мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов көшесі, 50, 3-қабат, № 1 мәжіліс залы. Мұндай жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 15 наурызда алматы уақытымен сағ. 08.00-ден бастап жүргізіледі. Анықтама телефоны: +7 727 258 40 40, ішкі тел. 52727. 13 ақпан 2015 жыл цитата соңы [2015-02-13]