2015 жылдың 19 наурызында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

27.02.15 09:53
/KASE, 27.02.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 19 наурызында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп хабарлады. Жиналыстың күн тәртбіндегі мәселе: - Компанияның Корпоративтік басқару кодексін бекіту болып табылады; - Компания Басқармасы мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, компания Басқрамасы мүшесін сайлау, оның өкілеттік мерзімі мен лауазымдық ақысының көлемі туралы. Аталмыш жиналыс: Ақтау қ., құс фабрикасының маңайы, компанияның офисі мекен-жайында өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:45-тен бастап басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 9 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 20 наурызында сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. [2015-03-02]