"Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) 127 777 704 жай акцияларын инвесторлардың шектелмеген тобы арасында орналастыру мәселесі жөнінде қосымша ақпарат ұсынды

27.02.15 16:09
/KASE, 27.02.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" Акционерлік қоғамы (Банк), Банктің акционерлерімен артықшылықты сатып алу құқығы бойынша сатып өткізген соң орналастырылмай қалған, Қазақстан Қор биржасының сауда жүйесі арқылы 2015 жылғы «05» наурыздан кешіктірмей орналастырылуы (сатып өткізілуі) тиіс, орналастыру бағасы – 1 жай акция үшін 575,2 теңге, саны 25 555 541 дана 20% акциялары бірыңғай лотпен орналастырылатын болады. Өтінім беру үшін Банктің Корпоративтік хатшысы Сабурова Майяға, телефоны +7 (727) 2 585 221, немесе электрондық пошта мекенжайы MSaburova@kkb.kz бойынша 2015 жыл "27" ақпан сағат18:00-ге дейін хабарласу қажет. Байланыс үшін: Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, инвесторлармен байланыс бөлімі тел.+7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, бұқарамен байланыс Департаментінің директоры тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы [2015-02-27]