"Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) 127 777 704 жай акцияларын инвесторлардың шектелмеген тобы арасында орналастыру туралы хабарлады

26.02.15 17:23
/KASE, 27.02.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" Акционерлік қоғамы (Банк), Банктің қазіргі акционерлері арасында артықшылықты сатып алу құқығы бойынша жай акцияларды орналастыру (сату) мерзімінің 2015 жылғы 30 қаңтарда аяқталуына байланысты Банктің жай акцияларын инвесторлардың шектелмеген тобы арасында жазылу арқылы орналастыру (сату) жөнінде хабарлайды. Бұл ретте, артықшылықты сатып алу құқығын іске асырғаннан кейін қалған жай акциялар санынан 20% 2015 жылғы 05 наурыздан кешіктірмей тікелей сауда-саттық әдісімен Қазақстан қор биржасының сауда жүйесі арқылы орналастыруға (сатуға) ұсынылатын болады. 1. Эмитенттің толық атауы және орналасқан жері: «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы; Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин даңғылы, 135 ж; 2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 2009 жылғы 10 наурыз; 3. Орналастырылатын бағалы қағаздардың түрі мен саны: жай акция (ұлттық сәйкестендіру коды KZ1C00400016); саны 127 777 704 (Жүз жиырма жеті миллион жеті жүз жетпіс жеті мың жеті жүз төрт) данадан аспайды; 4. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектімен немесе оларға қатысты басқа ақпаратпен танысуға мүмкіндік беретін эмитенттің бөлімшесі мен лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер: Банктің Акциялар шығару проспектімен немесе акциялар жөніндегі өзге ақпаратпен Банктің www.kkb.kz мекенжайындағы корпоративтік сайтында немесе келесі мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Әл- Фараби даңғылы, 34, Банктің Корпоративтік хатшысы Сабурова Майя, тел. +7 727 2 585 221, электронды пошта мекенжайы MSaburova@kkb.kz танысуға болады; 5. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларға төлем жасау жөніндегі мәліметтер: Орналастыру бағасы – 1 жай акция үшін 575,2 теңге. Орналастыру бағасы аталған орналастырудың шегінде Банктің жай акцияларын сатып алатын тұлғалар үшін бірыңғай баға болып табылады. Инвестормен сатып алынатын акциялараға төлем жасау инвестор тарабынан акцияларды сатып алуға Өтінім берілген күннен кейінгі 10 (Он) күнтізбелік күннің ішінде жүзеге асырылады. Банкке түскен Өтінімдерді іс жүзінде орындау және акцияларды инвесторларға тапсыру инвесторлар акцияларға төлем жүргізгеннен кейін Банк тарабынан жүргізіледі. 6. Қосымша ақпарат: Инвестордың орналастырылатын жай акцияларды сатып алуға Өтінім беретін мерзімі акцияларды орналастыру туралы хабарлама жарияланған күннен кейінгі 2 (Екі) күнтізбелік күнді – 2015 жылғы 27 ақпанды қоса Алматы уақыты сағ. 18-00 дейін, құрайды. Инвесторлардың Өтінімдері олардың қабылданған күнімен анықталатын қабылдану кезектілігі тәртібіне сәйкес қабылданады және қанағаттандырылады; бір күн ішінде бірнеше Өтінім қабылданған жағдайда, Өтінімдерді қабылдау кезектілігі директорлар кеңесімен 16.06.09ж. бекітілген ««Казкоммерцбанк» АҚ-тың бағалы қағаздарына жазылуды жүргізу тәртібіне сәйкес Өтінім қабылданған уақытпен анықталады; Өтінім беру инвесторлармен келесі тәртіпте жүзеге асырылады: • инвесторлар Банктің Корпоративтік хатшысы Сабурова Майяға Өтінім береді, телефоны +7 (727) 2 585 221, электронды пошта мекенжайы MSaburova@kkb.kz; • Акцияларды сатып алуға өтінімдердің нысандары Банктің www.kkb.kz корпоративтік сайтында орналастырылған. 7. Акционерлер тарабынан іске асырылған акционерлердің акцияларды артықшылықты сатып алуға құқығының мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер (іске асырылған кезең): акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығын іске асыру мерзімі 2014 жылғы «31» желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 30 қаңтарға дейін белгіленді; іске асыру тәртібі – Банктің корпоративтік сайтында орналастырылған, осыған дейін жарияланған хабарламаның талаптарына, сондай-ақ Банк тарабынан The Bank of New York, Лондон және Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламаның талаптарына сәйкес. цитата соңы [2015-02-27]