"Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ номинациялары бойынша марапатталғаны туралы хабарлады

24.02.15 16:46
/KASE, 24.02.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Алматыда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры (КДҚ) ұйымдастырған "Кепілдендірілген табыс" атты акция жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Акция қорытындылары бойынша "Қазақстан Халық Банкі" АҚ аймақтарды қамту бойынша ең үздік банк болып шықты. Сонымен бірге банк кәсіпкерлердің кредиттері бойынша қол қойылған кепілдік туралы шарттардың саны бойынша жетекші үштікке кірді. 2014 жылы «Даму» КДҚ кепілдіктердің жалпы сомасы 1,3 млрд. теңге болған Халық банкінің 119 жобасын мақұлдады. Жүлде Халық банкінің өкіліне 100 қол қойылған шарт үшін берілді. Сонымен қатар Қазақстан Халық банкінің: Қызылорда (филиал директоры – Ерлан Нұртазаев), Жамбыл (Нұрлан Әбілқайыров), Шығыс Қазақстан (Николай Нечепуренко) және Қостанай (Гүлмира Ахметова) төрт облыстық филиалы кепілдік беру құралын белсенді қолданатын екінші деңгейдегі банктер филиалдарының ондығына кірді. "Кепілдендірілген табыс" атты конкурстың жеңімпаздары арасында Халық банкінің әр түрлі өңірлердегі кредиттік менеджерлері де атап өтілді: Мұрат Нұржан (Жамбыл облыстық филиалы) – "Даму" КДҚ кепілдіктеріне жасалған кредит шарттарының ең көп саны үшін, Суркова Светлана (Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы), Гулина Юлия Владимировна (Батыс Қазақстан облыстық филиалы). Акция 2014 жылдың басында басталды. Оның қатысушылары ретінде Қордың әріптес банктерінің жеке менеджерлерімен қатар, шағын және орта бизнеске берілетін кредиттер жөніндегі кепілдіктермен белсене жұмыс атқаратын қаржы ұйымдарының өздері де болды. Іріктеудің басты көрсеткіші – берілген кепілдіктер саны мен олардың сомасы. Әр түрлі банктердің он аймақтық филиалы үздіктер санына кірді. цитата соңы [2015-02-24]