АНОНС: 25 АҚПАНДА KASE ЖӘНЕ "ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ "БАСТ" АҚ ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫНЫҢ IPO ШЫҒУЫНА АРНАЛҒАН ROAD SHOW КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

24.02.15 16:22
/KASE, 24.02.2015/ – 2015 жылдың 25 ақпанында алматы уақытымен сағат 14.30 –дан бастап "БАСТ" АҚ тау-кен компаниясының IPO шығуына арналған ROAD SHOW кәсіби қатысушыларды шақырады. Іс-шараның бастамашысы "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) және "Фридом Финанс" АҚ , "БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акцияларын орналастыру андеррайтері болып табылады. Іс-шара: г Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" СК ғимараты, 8-ші қабат, KASE конференц-залы. "Фридом Финанс" АҚ өкілдері Road Show барысында аталмыш акциялардың жоспарлы орналастыру туралы әңгімелеп береді. Іс-шараға қатысуға тек брокерлік компаниялар шақырылады. Тіркеу үшін қатысушы туралы ақпаратты (толық аты-жөні, лауазымы мен байланыс номері) көрсете отырып, өтінімді t.shadiyeva@kase.kz. электрондық поштаға жіберу қажет. "БАСТ" АҚ түрлі-түсті металлургия саласындағы тау - кен кәсіпорны болып табылады, қазіргі уақытта шығыс қазақстан облысы Абай ауданында орналасқан Мақсұт кен орнындағы мыс-никельді барлаумен айналысады. "БАСТ" АҚ жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2014 жылдың 22 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялардың шығарылы туралы анқты ақпаратты KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/bast мекен-жайында танысуға болады. Аталмыш акциялар бойынша маркет-мейкердің міндеттерін орындауды Қазақстан қор биржасында "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) жүзеге асырады. "Фридом Финанс" АҚ Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық қоржынын және брокерлік-дилерлік қызметті басқаруды жүзеге асырады, 2007 жылдан бастап KASE мүшесі болып табылады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша "Фридом Финанс" АҚ акциялар нарығына белсенді қатысушылардың ондығына http://www.kase.kz/ru/membership/ranking кіреді. Компанияның қызметі туралы толық ақпаратты KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/member/SEVEN мекен-жайында танысуға болады. [2015-02-24]