/KASE, 24.02.2015/ – 2015 жылдың 25 ақпанында алматы уақытымен сағат
14.30 –дан бастап "БАСТ" АҚ тау-кен компаниясының IPO шығуына
арналған ROAD SHOW кәсіби қатысушыларды шақырады. Іс-шараның
бастамашысы "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) және "Фридом
Финанс" АҚ , "БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай
акцияларын орналастыру андеррайтері болып табылады. Іс-шара: г Алматы
қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" СК ғимараты, 8-ші қабат,
KASE конференц-залы.
"Фридом Финанс" АҚ өкілдері Road Show барысында аталмыш акциялардың
жоспарлы орналастыру туралы әңгімелеп береді.
Іс-шараға қатысуға тек брокерлік компаниялар шақырылады.
Тіркеу үшін қатысушы туралы ақпаратты (толық аты-жөні, лауазымы мен
байланыс номері) көрсете отырып, өтінімді t.shadiyeva@kase.kz.
электрондық поштаға жіберу қажет.
"БАСТ" АҚ түрлі-түсті металлургия саласындағы тау - кен кәсіпорны болып
табылады, қазіргі уақытта шығыс қазақстан облысы Абай ауданында
орналасқан Мақсұт кен орнындағы мыс-никельді барлаумен айналысады.
"БАСТ" АҚ жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2014
жылдың 22 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялардың
шығарылы туралы анқты ақпаратты KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/bast мекен-жайында танысуға болады.
Аталмыш акциялар бойынша маркет-мейкердің міндеттерін орындауды
Қазақстан қор биржасында "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) жүзеге асырады.
"Фридом Финанс" АҚ Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында
инвестициялық қоржынын және брокерлік-дилерлік қызметті басқаруды
жүзеге асырады, 2007 жылдан бастап KASE мүшесі болып табылады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша "Фридом Финанс" АҚ акциялар
нарығына белсенді қатысушылардың ондығына
http://www.kase.kz/ru/membership/ranking кіреді. Компанияның қызметі
туралы толық ақпаратты KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/membership/member/SEVEN мекен-жайында танысуға
болады.
[2015-02-24]