S&P "КазТрансГаз" АҚ және "Интергаз Орталық Азия" АҚ рейтингілік бағасын растады, болжам "Тұрақты" деңгейінен "Негативті" деңгейіне төмендетті

23.02.15 17:46
/Standard & Poor's, Москва, 19.02.15, KASE тақырыптамасы/ Standard & Poor's несие рейтингі қызметі қазақстандық газ холдингі "КазТрансГаз" АҚ және оның 100% еншілес компаниясы қазақстандық мұнай құбыры операторы "Интергаз Орталық Азия" АҚ (ИОА) корпоративтік несие рейтингін "BB+" деңгейінде растады. Екі компанияның болжамы "Тұрақты" деңгейінен "Негативті" деңгейіне өзгертілді. Қамтамасыз етілмеген басымды борыштық міндеттемелерін "ВВ+" деңгейінде растады және дефолттан кейінгі қарызды қайтару рейтингі "4". Осы хабарламаның орсы тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1246397 мекен-жайында танысуға болады. [2015-02-23]