"КазТрансОйл" АҚ Standard & Poor's несие рейтингінің төмендеуі туралы хабарлады

23.02.15 10:28
/KASE, 23.02.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана, одан әрі – Қоғам), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен, Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі 2015 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының егемендік рейтингін және "ҚазМұайГаз" ҰК АҚ несие рейтингін төмендеткеннен кейін Қоғамның ұзақ мерзімді несие рейтингін "BBB-" деңгейінен "ВВ+" деңгейіне дейін төмендетті. Standard & Poor's агенттігінің 2015 жылдың 19 ақпанындағы баспасөз- хабарламасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_rating_190215.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-02-23]