Бүгін биржада МУИКАМ-120 бірінші шығарылымын (KZKBKY100013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

18.02.15 09:45
/KASE, 18.02.15/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақытымен). -------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МУИКАМ-120 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKBKY100013 Шығарылымның реттік саны: 1 / 120 KASE сауда-саттық коды: MUX120_0001 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Айналысқа жіберу датасы: 18.02.15 Айналыста болудың соңғы күні: 17.02.25 Өтеу датасы: 18.02.25 Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет* Купондық төлемдер кестесі: 1 07.03.2016 2 07.03.2017 3 07.03.2018 4 07.03.2019 5 06.03.2020 6 05.03.2021 7 07.03.2022 8 07.03.2023 9 07.03.2024 10 07.03.2025 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ------------------------- Сауда-саттық күні: 18.02.15 Өтеуге дейінгі мерзім: 10 жыл (3 600 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 10 000,000 Сауда-саттық заты: тиянақталған купон Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Төлеу күні: 18.02.15 Төлем уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға (мөлшерлеме) бойынша Сауда-саттық жүйесі секторы: MEKAM_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы: MUIKAM_120 -------------------------------------------------------------------------- *айналыста болған толық 12 күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде. Шығарылым аңдатпасына сәйкес, МУИКАМ-ға салынған ақшаның индексациясы, орналастыру кезінде анықталған тиянақталған купонды өткен купондық кезеңдегі инфляция индексіне көбейтуден алынған индекстелінген купонды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Өтінімде баға ретінде тиянақталған купонның мәні облигацияның атаулы құнынан, екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіліп, жылдық пайызбен беріледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/emitters/MFRK/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы "Бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен сауда- саттықтарды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" # 170 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" # 61 қаулысына сәйкес, 2012 жылдың 15 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықққа қатысу үшін берілетін өтінімдерді тек, екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясына иеленген, сақтандыру ұйымдары немесе зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар болып табылатын, KASE қор нарығының мүшелері ғана құқылы. Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар тек жинақтаушы зейгнетақы қорлары есебінен және мүддесіне ғана сауда-саттықққа қатыса алады. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің шығарылым, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/post_170.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-02-18]