"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Әлемдік банк өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу туралы хабарлады

13.02.15 14:56
/KASE, 13.02.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Астанада "ҚазАгро" ұлттық холдингі мен Дүниежүзілік банк өкілдерінің кездесуі болып өтті. Талқылау тақырыбы ауыл шаруашылығының әлемдік даму беталысы және Қазақстандағы осы саланы дамыту мәселелері болды. Бұдан басқа тараптар республиканың агросекторын әртараптандыру және оның ахуал өзгерістеріне бейімделу мәселелерінде ынтымақтастық орнату келешегін қарастырды. Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді дамыту саласындағы жаһандық бағдарламалар секторының басшысы Марк Кеклер басқарған қонақтар делегациясын АӨК-гі перспективалы бағыттарды дамытудан бастап, саланы қаржыландыру және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі мәселелерге дейін ауқымды тақырыптар өрісі қызықтырды. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қаржы құралдары және оның келешекке арналған жоспарлары - бөлек әңгіме тақырыбына айналды. Кездесу барысында холдинг өкілдері Дүниежүзілік Банктің сарапшыларын ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайымен таныстырып өтті. «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махажанов Дәурен қонақтарға отандық АӨК-ді қаржыландырудың қолданыстағы механизмдері, Агробизнес-2020 бағдарламасының негізгі бағыттары, субсидиялау жүйесі туралы, сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық холдингінің компаниялар тобын әрі қарай дамытудың өзекті басымдықтары туралы әңгімелеп берді. Тараптар әлемдік ауыл шаруашылығын да, қазақстандық ауыл шаруашылығын да дамыту туралы көптеген мәселелер бойынша көзқарастарының түйісуі жөнінде ойларын білдірді. Қазақстандық холдинг ынтымақтастық келешегі туралы мәселені қозғай келе, ұзақ мерзімді қорландыру, сондай-ақ республиканың агросекторында кредиттік серіктестіктер желісін дамытуды техникалық қолдауға көмек көрсету бағытына мүдделілігін білдірді. Бұл холдингтің қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландырудың барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша атқаратын қызмет бағыттарының бірі. Өзара тиімді серіктес қарым-қатынастар орнату үшін "ҚазАгро" мен Дүниежүзілік Банк өкілдерінің арасындағы іскерлік байланыстар әрі қарай жалғаса беретін болады. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді. цитата соңы [2015-02-13]