11 ақпан күні Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі МЕУКАМ-240 (KZKDKY200043) екінші шығарылымының 20,0 млн данасын жылдық 8,07 % қосымша орналастырды

11.02.15 18:19
/KASE, 11.02.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2015 жылдың 11 ақпан күні KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді деп хабарлайды. Төменде шығарылымның негізгі параметрлері, орналастырудың шарттары мен нәтижелері берілген (Алматы уақыты). ШЫҒАРЫЛЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ---------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-240 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY200043 Шығарылымның реттік саны: 4 / 240 KASE сауда-саттық коды: MUM240_0004 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 50 000 000 Айналысқа жіберу күні: 29.01.15 Айналыста болудың соңғы күні: 28.01.35 Өтеу датасы: 29.01.35 Айналыста болу мерзімі: 20 жыл (7 200 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,07 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонға төлеу кестесі: жыл сайын 29 қаңтарда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ --------------------- ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ: ------------------------------------------------ --------------------- Сауда-саттық күні: 11.02.15 Өтеуге дейінгі мерзім: 19,9 жыл (7 188 күн) Жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000 000 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Төлеу датасы 11.02.15 Төлеу уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді бағамен Сауда-саттық жүйесінің секторы MEKAM_ST1 Сауда-саттық жүйесінің тобы MEUKAM_240 ------------------------------------------------ --------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ------------------------------------------------ --------------------- Қатысушылардың саны: 1 Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді): 1 / 1 соның ішінде: – шектелімді 1 – нарықтық 0 Белсенді өтінімдердің көлемі*, млн теңге: 20 051,8 соның ішінде: – шектелімді 20 051,8 – нарықтық 0 Ұсынымға сұраным, %: 100 Берілген өтінімдердің "таза" бағасы, %: 99,9900 Берілген өтінімдердің кірістілігі, жылдық %: 8,0700 ---------------------------------------------------------------------- * * белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылары жоймаған, соның ішінде Растау жүйесіне қатысушылары растаған өтінімдер. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ: ------------------------------------------------ --------------------- Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, 20 000 000 облигация: Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, 20 051 800 000,00 теңге Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 1 Қанағаттандырылған өтінімдер 100 көлемінің жоспардан %: Қанағаттандырылған өтінімдердің 99,9900 "таза" бағасы, % Сатып алушылар үшін облигациялардың 8,0700 өтеуге кірістілігі, жылдық %: ---------------------------------------------------------------------- "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУКАМ-240 екінші шығарылымын орналастыру бойынша жасалған барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте орындалды. Қаржы Министрлігі сатқан МЕУКАМ автоматты түрде, кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен, KASE қайталама нарығында, кестеде көрсетілген сауда-саттық коды бойынша, айналысқа жіберіледі. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағасымен бағалануы тиіс. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. [2015-02-11]