05 ақпанда Шанхай қаласында биржалар арасындағы ынтымақтастық мәсеелері жөнінде семинар өтті

11.02.15 17:58
/KASE, 11.02.2015/ – 2015 жылдың 05 ақпанында Шанхай қор биржасы (SSE) Шанхайда SSE және Гонконг қор биржасы (HKEx) бірлесіп ұйымдастырған биржалар арасында ынтымақтастық мәселелері бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына бес құрылықтың қор биржаларының өкілдері қатысты. Семинар барысында HKEx және SSE өкілдері атқарылған жұмысар мен биржалар арасында болашақтағы ынтымақтастық бойынша, HKEx және SSE – "Shanghai – Hong Kong Stock Connect" арсындағы ынтымақтастық жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша презентация өткізді. Сондай-ақ, пікірталастардан басқа әлемдік тәжірибеде қолданылатын биржалардың халықаралық ынтымақтастық формалары талқыланды. Қазақстан қор биржасының (KASE) Президенті М.Р. Қабашев "Қор биржасы арасындағы халықаралық ынтымақтастық" тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. Өзінің сөзінде ол бүгінгі таңда биржалар арасындағы қатал бәсекелестік және қаржы нарығына қатысатын жахандық процесстер нәтижесінде ұлттық қор биржалары өзінің ынтымақтастығын жахандандыруға және капиталдың жахандық нарығымен біріктіруді жақсартуға әрекет ететіндігін айтты. "Қазақстан Жібек жолының ортасында орналасқан, біз батыста және шығыстағы ірі биржалармен байланысты жақсарту арқылы біздің қор нарығын жақсарту мүмкіндігін көріп отырмыз" – деп атап өтті М.Р.Қабашев. 2014 жылдың қыркүйек айында KASE және Стамбул қор биржасы арасында тәжірибе алмасу және жаңалықтар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ нарық, листингілік рәсімдер, өнімдер мен технологиялар бойынша аралық келісімге қол қойды. Сонымен қатар, KASE Корей биржасымен, Тегеран биржасымен, Вена қор биржасы мен Deutsche Börse AG бұрын қол қойған ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлесіп жұмыс істеуде. [2015-02-11]