"КазТрансОйл" АҚ Мартыши – Атырау мұнай құбырындағы мұнайдың төгілуі туралы хабарлады

19.01.15 10:38
/KASE, 19.01.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы 2015 жылдың 16 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 10.50-де Атырау облысы территроиясы бойымен өтетін Мартыши-Атырау магистральдық мұнай құбырының 81,6 км. учаскеде "КазТрансОйл" АҚ Батыс филиалының Атырау мұнай құбыры басқармасының апаттық-жөндеу қызметімен құбыр денесіне рұқсат етілмеген кесу тәркіленген болатын, нәтижесінде құбырдағы мұнай сыртқа төгілді. Қазіргі кезде рұқсат етілмеген кесудің орны жөнделіп, Астана уақыты бойынша сағат 16.48-де Мартыши-Атырау мұнай құбыры бойынша мұнай айдау қайта жаңғыртылды. Мұнай төгілген жерде мазутпен былғанған топырақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдай болған орнында "КазТрансОйл" АҚ Батыс филиалының Атырау мұнай басқармасының бас инженері А. Жәңгіров бастаған апаттық-қалпына келтіру бригадасы жұмыс жасауда. Әзірше қоршаған орта мен құбырдың бұзылуы, мұнайдың төгіліу салдарынан "КазТрансОйл" АҚ келтірілген зиян сомасы дәйектелуде. цитата соңы [2015-01-19]