"АТФБанк" АҚ төлем карточкаларына арналған ДСН-кодты орнатудың заманауи сервисін іске қосты

09.02.15 15:29
/KASE, 09.02.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы АТФБанк Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында алғышқылардың бірі болып банкоматта ДСН-кодты орнатудың қолайлы әрі үнемді жаңа тәсілін енгізді. Сервис OpenWay компаниясы әзірлеген WAY4 PIN Set шешіміне негізделген. "ДСН-кодты орнатуға арналған жаңа технология АТФБанктің клиенттерге заманау, сапалы әрі өте өзекті сервисті ұсынуына мүмкіндік береді. Карточка ұстаушылар үшін оның тиімді екендігі анық. Карточканы ашқан кезде клиент сандардың кездейсоқ жиыны бар қағаз конверттің орнына өзінің мобильді телефонына карточканы активациялау коды бар смс- хабарламаны алады және өзінің есте сақтауына оңай ДСН-кодты банкоматқа өз бетінше орнатады", – деп АТФБанктің карточкалық бизнес жөніндегі Атқарушы директоры Инесса Еспенбетова түсініктеме берді. Бұл технология клиентке мобильді телефонды және банкоматты пайдалана отырып, ДСН-кодты өз бетінше орнатуға мүмкіндік береді. Дәл осы екі арнаны, сондай-ақ активация кодының әрекет ету мерзімі және шығару кезіндегі карточканың арнайы мәртебесі сияқты қосымша шектеулерді пайдалану - осы операцияның қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияны енгізу карточканы шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сәйкесінше, клиенттер карточканы бұрынғыға қарағанда қысқа мерзім ішінде алатын болады. Сонымен қатар, шығару процесі қағаз бетіндегі ДСН-конверттерді басып шығарудан бас тарту негізінде экологиялық тұрғыда тиімді болып саналады. Сервисті іске қосу АТФБанкте заманауи технологияларды енгізудің жалпы процесінің қисынды жалғасы болды. 2014 жылы осы бағытта бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылған еді. Солардың бірі – Visa payWave және MasterCard PayPass жанаспайтын интерфейсі бар карточкалардың жаппай шығарылымы. Бұл жағдайда АТФБанк Visa мен MasterCard төлем жүйелері бойынша жанаспалы және жанаспайтын интерфейсі бар карточкаларды шығаруды және оларға қызмет көрсетуді қатар жүргізеді. Сондай-ақ, АТФБанк UnionPay төлем карточкаларын шығаруға және оларға қызмет көрсетуге арналған барлық қажетті сертификаттар мен лицензияларды алды. Сонымен қатар АТФБанк бизнесті иеленушілерге мобильді эквайрингтің жаңа қызметін ұсына отырып, мобильді POS-терминалдарды шығарды. Жеке тұлғалар үшін АТФБанк жаңа функционалды әрі қолайлы www.atf24.kz Интернет-банкингін іске қосты. Сонымен бірге, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының пилоттық жобасы да өз жұмысын бастап, клиенттерге қосымша сервисті ұсынады. цитата соңы [2015-02-09]