"Алматытемiр" АҚ әкімшілік жаза қолданғаны туралы хабарлады

06.02.15 17:03
/KASE, 06.02.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алматытемiр" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары К.Б.Қожахметовтің 2015 жылдың 21 қаңтарындағы әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша әкімшілік жаза қолданғаны туралы қаулысын алғаны туралы хабарлама ұсынды. "Алматытемiр" АҚ осы қаулысы 2015 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағымдалды. [2015-02-06]