KASE Басқармасы "Қазақстан қор биржасы" АҚ ерекшеленген мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесінің күші жойылғаны туралы шешім қабылдады

05.02.15 11:20
/KASE, 05.02.2015/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2014 жылдың 18 желтоқсанындағы шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ ерекшеленген мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесі" (Ереже) KASE ішкі құжатының күші жойылған деп таныды. Бұл шешім биржалық нарықта бағалы қағаздардың таратылым деңгейі төмен болғандықтан, нарықтың осы параметрі бойынша ықпал ететін Биржа мүшелерінің болмауы себебінен, сондай-ақ репо операциялары нарығын монополизациялау деңгейі жоғары болғандықтан қаьылданды. 2014 жылдың қортындысы бойынша KASE Басқармасы ерекшеленген биржа мүшелерін сарапаттамауға, алғыс хат сертификаттарын беруге шешім қабылдады: - "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес банкі АҚ және "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ қазақстандық теңге / қытай юаньі валюталық теңін сауда-саттыққа қосқан үлесі үшін; - "Қазпочта" АҚ және "Фридом Финанс" АҚ "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) жай акцияларына жазылым жүргізуге белсенді қатысқаны үшін. Бағалы қағаздар нарығында ерекшеленген Биржа мүшелерін жыл сайын марапаттау 2005 жылдан бастап, кезекті қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіліп келді. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттарымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/members_diplomas мекен-жайында танысуға болады. [2015-02-05]