2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарының сауда-саттығының көлемі 3,7 есеге өсіп, 9,0 трлн теңгені ($48,8 млрд) құрады
03.02.15 19:06
/KASE, 03.02.15/ – 2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасының (KASE) валюталық
своп операцияларын қоса есептегенде, шетелдік валюталармен сауда-саттық көлемі
8 978,8 млрд теңгені (баламасы 48 821,1 млн АҚШ доллары) және 2013 жылмен салыстырғанда
3,7 есеге (долларлық көрсетілімде 3,1 есеге) өсті.
2014 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 14,9 %
(долларлық көрсетілімде 13,7 % есеге) өсті.
Төмендегі кестеде 2015 жылдың қаңтар айында шетел валюталары нарығының
көрсеткіштер кестесі айларға, валюталарға және мәмілелер түрлері бойынша бөлініп,
және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы түрде берілген.
---------------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
---------------------------------------------------------------------------
спот-нарығында, млн своп-нарығында, млн барлығы, барлығы,
Жыл, --------------------------------------- ------------------ млрд млн
айы USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT СNY/KZT USD/KZT EUR/KZT KZT USD
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- --------- ------- --------
2015, I 4685,2 1,7 0 1954,8 1,4 44103,6 0 8978,8 48821,1
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- --------- ------- --------
2014, I 7323,1 0,9 0 289,0 0 8222,1 0 2412,9 15556,2
тренд, % -36,0 +83,3 X +576,4 X +436,4 X +272,1 +213,8
---------------------------------------------------------------------------------------
03.01.14 бастап 31.12.14 дейінгі кезеңде негізгі (таңертеңгілік) сауда-саттық
сессиясында жасалған барлық мәмілелер бойынша есептелген, теңгенің АҚШ долларына
орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 183,71 теңгені, барлық биржалық мәмілелер
бойынша бір долларға – 179,27 тенгені құрады.
Ағымдағы жылдағы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының жылдамдығы орташа сараланған биржалық
бағам бойынша жылдық 14,95 % құрады.
2013 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының деңгейі
номиналды көрсетілімде жылдық 2,20 % құрады.
2014 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының деңгейі
номиналды көрсетілімде жылдық 1,58 % құрады.
[2015-01-06]