"БАСТ" АҚ Директорлар кеңесі KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) 18 450 жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады

03.02.15 13:13
/KASE, 03.02.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан обл., одан әрі цитатада – Қоғам), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен хабарлама ұсынды. цитата басы ...Қоғамның Директорлар кеңесі 2015 жылдың 26 қаңтарында Қоғамның 18,450 дана жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады, ол қоғам шығарған акциялардың жалпы санынан 5% құрайды. Орналастыру құны – бір данаға 15,000 теңге. Орналастырылған акциялардың төлемі өтінім берген күннен бастап 30 күннің ішінде, қолма қол ақшасыз төленеді. Орналастырылған жай акциялар қоғамның жай акцияларының жалпы санынан 9,99% құрайды. Шығарылымның андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ, мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 17, Нұрлы Тау, к.4Б, 17 қабат, 04 кеңсе. Орналастырылған акциялардың кем дегенде 20% "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесі арқылы орналастырылады. Орналастыру мерзімі – 2015 жылдың 10 ақпанынан кешіктірмеуі тиіс. цитата соңы [2015-02-03]