"Private Asset Management" акционерлік қоғамына "Альянс Банк" АҚ XS1153772725, XS1154028200 (ASBNe14) халықаралық облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесі берілді

30.01.15 17:42
/KASE, 30.01.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2015 жылдың 30 қаңтарынан бастап "Private Asset Management" АҚ (Алматы) өтініші негізінде "Альянс Банк" АҚ (Алматы) XS1153772725, XS1154028200 (KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, ASBNe14; $236,57 млн; 15.12.14 – 15.12.24, жартыжылдық купон, жылдық 11,75 %, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесі берілді. Маркет-мейкер өз міндеттерін орындауға аталмыш облигациялармен сауда- саттық ашылған күннен бастап кіріседі. [2015-01-05]