"ҚазАгроФинанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

28.01.15 10:48
/KASE, 28.01.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгроФинанс" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C41590015 жай) акцияларының жалпы саны 82 837 204 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2015-01-28]