"Альянс Банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
27.01.15 10:11
/KASE, 27.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға
өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы
жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны
20 000 000 дана, артықшылықты KZ1P40310115 акциялар саны –
3 000 000 дана;
- банктің 90 773 945 465 жай акциясы және банктің 2 619 626
артықшылықты акциясы орналастырылған;
- банк өзінің 121 жай акциясын және 52 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) номиналды
ұстауында банктің 16 513 797 591 жай акциясы (банктің
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 18,19 % немесе
банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 18,19 %)
бар;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлға
Б.Ж. Өтемұратов болып табылады, оның иелігінде банктің
67 934 575 310 акциясы (банктің орналастырылған акцияларының
жалпы санында 67,00 %), соның ішінде банктің 67 934 050 902 жай
акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санында
74,84 %) және банктің 524 408 артықшылықты акциялары (банктің
орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санында
20,02 %) бар:
[2015-01-27]