"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің US48667QAC96 (XS0441261921, KMGZe3) облигацияларын өтегені туралы хабарлады
27.01.15 10:10
/KASE, 27.01.15/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2015 жылдың 23
қаңтарында өзінің US48667QAC96 (XS0441261921, KMGZe3) облигацияларын өтегені,
сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық
сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы
сомасы 1 588 125 000 еуроны, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың
жиынтық номиналды құнының) сомасы – 1 500 000 000 еуроны, купондық сыйақысы –
88 125 000 еуроны құрады.
[2015-01-27]