"Банк "Астана-финанс" АҚ KZP01Y05E863 (KZ2C00003085, ABBNb1) облигациялары Қазақстан қор биржасында "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

26.01.15 14:37
/KASE, 26.01.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 23 қаңтарындағы "Банк "Астана-финанс" АҚ (Алматы) KZP01Y05E863 (KZ2C00003085; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл, тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 9,5 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Биржада аталмыш облигацялармен сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялар Қазақстан Республикасының Қазақстанның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен (ҚҚА) 2014 жылдың 30 желтоқсанынында тіркелген, сомасы 50,0 млрд теңге "Банк "Астана-финанс" АҚ KASE листингілік процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің ішкі облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. "Банк "Астана-финанс" АҚ қаржылық кеңесшісі "BCC Invest" еншілес ұйымы - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға ABBNb1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-01-26]