"КМК Мұнай" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.01.15 14:51
/KASE, 22.01.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "КМК Мұнай" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі – компания) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы
жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған акцияларының (тек KZ1C51440010, жай
акциялары) жалпы саны 1 500 000 дана;
- компанияның барлық акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 195 437 акциясын қайта сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлғалар:
----------------------------------------------------------
Компанияның
орналастырылған
Жай акциялар, акцияларының жалпы
Атауы дана санындағы үлесі, %
------------------------- ------------- ------------------
"СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ 652 282 43,49
YUKON ENERGY HOLDING S.A. 652 281 43,49
----------------------------------------------------------
[2015-01-22]