"СевКазЭнерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.01.15 10:11
/KASE, 22.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы саны
150 000 000 дана;
- компанияның 143 863 799 акциясы орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының жалпы санынан
бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ (Алматы) болып табылады.
[2015-01-22]