"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.01.15 15:10
/KASE, 21.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, артықшылықты KZ1P05340115 акцияларының саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) болып табылады, компанияның 119 875 123 акциялары орналастырылған (компания акцияларының 84,23 % орналастырылған), оның ішінде компанияның 119 873 873 жай акциялары (компания орналастырылған акцияларының 84,23 %) және банктің 1 250 артықшылықты акциялары (компанияның рналастырылған акцияларының 100 %). [2015-01-21]