"МГҚК ҚазҚұрылысСервис" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
20.01.15 09:58
/KASE, 20.01.15/ – Облигациялары (KASE) ресми тізімінде тұрған, "МГҚК
ҚазҚұрылысСервис" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C47350018 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 6 785 500 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
акционер және жалғыз тұлға KAZSTROYSERVICE GLOBAL B.V.
(Амстердам, Нидерланд) болып табылады.
[2015-01-20]