2015 жылдың 30 қаңтарында "ОРда кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болады
15.01.15 18:03
/KASE, 15.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС
(Шымкент, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 30 қаңтарында сағат
11:00-де компания қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны
туралы биржаға хабарлады.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
- Компанияның Қадағалау кеңесінің құрамын өзгерту және бекіту;
- Компания Басқармасы құрамын бекіту және өзгерту.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47.
Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2015 жылдың 31 қаңтарында сағат 10:00-де жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі.
Қатысушыларға аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша
танысуына болады.
[2015-01-15]