"Казкоммерцбанк" АҚ KZP03Y07D701 (KZ2C00003069, KKGBb11) облигациялары 14 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

14.01.15 16:03
/KASE, 14.01.15/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 08 қаңтарындағы шешімімен "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) облигациялары KZP03Y07D701 (KZ2C00003069; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 14.01.15 – 14.01.22, тиянақталған жарты жылдық купон 8,75 % жылдық, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2015 жылдың 14 қаңтарынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. "Казкоммерцбанк" АҚ андеррайтері – "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" еншілес ұйымы) АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушыларының өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KKGBb11 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-01-14]