"Самұрық-Энерго" АҚ Standard & Poor's агенттігі қоғамның рейтингілік бағалауларын растағаны туралы хабарлады

12.01.15 16:19
/KASE, 12.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана, бұдан әрі – Қоғам), биржаға жолдаған ресми хатында "несиелік рейтингтер қызметі Standard & Poor's агенттігі Қоғамның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін "ВВ+/В" деңгейінде және ұлттық шкала бойынша "kzAA-" деңгейінде растады. Болжамы – "Негативті"" деп мәлімдеді. "Самұрық-Энерго" АҚ биржаға ұсынған 2014 жылдың 30 желтоқсанындағы Standard & Poor's агенттігінің баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_301214.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2015-01-12]