"Темiрбанк" АҚ өзінің USY8584LAA18 (USY8584LAA18, TEBNe1) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады
12.01.15 11:45
/KASE, 12.01.15/ - "Темiрбанк" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 29 желтоқсанында өзінің
USY8584LAA18 (USY8584LAA18, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы
қағаздар" санаты, TEBNe1) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені
туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 4 324 346,97 АҚШ долларын
құрады.
Бұдан басқа, 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы "Темiрбанк" АҚ хатында
былай деп мәлімделген:
цитата басы
2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Темiрбанк"АҚ ISIN: USY8584LAA18
және US87971SAA87 еурооблигацияларының сомасы құрайды:
Жарияланған: 75 000 127,5 АҚШ доллары
Орналастырылған: 61 776 385,26 АҚШ доллары
Кері сатып алынған: 11 795 953,39 АҚШ доллары
Өтелген: 1 427 788,85 АҚШ доллары
цитата соңы
[2015-01-12]