"Қазақстан Халық жинақ банкі" Директорлар кеңесі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнтақы қоры" АҚ жою туралы шешім қабылдады

09.01.15 17:49
/KASE, 09.01.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "Қазақстан Халық банкі" АҚ Директорлар кеңесі 2014 жылдың 31 желтоқсанында Банктің, Алматы қ. Желтоқсан көш., 96/98 мекен- жайында орналасқан, еншілес ұйымы "Қазақстан халық Банкі ЖЗҚ" АҚ ерікті жою туралы шешім қабылдады. Қабылданған шешімге сәйкес "Қазақстан халық Банкі ЖЗҚ" АҚ жою мерзімі 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған, жою тәртібі бойынша іс-шаралар толық аяқталғанға дейін деп білгіленді. [2015-01-09]