"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің төртінші облигациялық бағдарламасын және төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған бірінші шығарылым облигацияларын Ұлттық Банк тіркегені туралы хабарлады

09.01.15 10:02
/KASE, 09.01.15/ – Бағалы қағаздары Қазахқстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға жолдаған ресми хабарламасында 2014 жылдың 26 желтоқсанында өзінің төртінші облигациялық бағдарламасын және төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған бірінші шығарылым облигацияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк (Ұлттық Банк) тіркегені туралы мәлімдеді. Аталмыш хабарламамен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_bonds_issue_261214.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2015-01-09]