"Казкоммерцбанк" АҚ KZP03Y07D701 (KZ2C00003069, KKGBb11) облигациялары Қазақстан қор биржасында "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

08.01.15 17:10
/KASE, 08.01.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 08 қаңтарындағы шешімімен "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) облигациялары KZP03Y07D701 (KZ2C00003069; 1 000 тенге, 100,0 млрд тенге; 7 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон 8,75 % жылдық, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Аталмыш облигациялар Қазақстан Республикасының Қазақстанның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен (ҚҚА) 2010 жылдың 14 қаңтарында тіркелген, сомасы 350,0 млрд теңге "Казкоммерцбанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының үшінші шығарылымы және аталмыш эмитенттің, KASE листингілік процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының он бірінші шығарылымы болып табылады. "Казкоммерцбанк" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері – "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушыларының өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға HSBKb11 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-01-08]