"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZP01Y10E855 (KZ2C00003077, HSBKb19) облигациялары 08 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

08.01.15 17:04
/KASE, 08.01.15/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 08 қаңтарындағы шешімімен "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) облигациялары KZP01Y10E855 (KZ2C00003077; 10 000 тенге, 170,0 млрд тенге; 10 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон 7,5 % жылдық, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2015 жылдың 05 қаңтарынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ андеррайтері – "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушыларының өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға HSBKb19 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hsbk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-01-08]