2014 жылы Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарының сауда-саттығының көлемі 1,8 есеге өсіп, 33,8 трлн теңгені ($188,3 млрд) құрады
06.01.15 19:41
/KASE, 06.01.15/ – 2014 жылы Қазақстан қор биржасының (KASE)
валюталық своп операцияларын қоса есептегенде, шетелдік валюталармен
сауда-саттық көлемі 33 770,2 млрд теңгені (баламасы 188 295,8 млн АҚШ
долларына тең) құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге
(долларлық көрсетілімде 1,6 есеге) өсті.
Төмендегі кестеде биржадағы 2014 жылдағы шетел валюталары нарығының
көрсеткіштер кестесі айларға, валюталарға және мәмілелер түрлері
бойынша бөлініп, және 2013 жылмен салыстырмалы түрде берілген.
---------------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
---------------------------------------------------------------------------
спот-нарықта, млн своп-нарықта, млн Барлы- Барлы-
--------------------------------------- ------------------ ғы, ғы,
Жыл, млрд млн
ай USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT СNY/KZT USD/KZT EUR/KZT KZT USD
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- --------- ------- --------
2014, I 7323,1 0,9 0 289,0 0 8222,1 0 2412,9 15554,9
2014, II 9242,1 1,3 0 452,1 0 7118,0 125,0 2905,3 16546,1
2014, III 8213,5 1,8 0 190,6 0 7389,1 200,0 2894,6 15885,7
2014, IV 3998,9 36,5 0 224,8 0 7476,0 190,0 2147,0 11794,2
2014, V 5085,0 1,1 0 201,6 0 5120,7 100,0 1890,3 10350,7
2014, VI 5422,6 21,4 0 352,3 0 7225,2 80,0 2348,2 12796,5
2014, VII 6138,8 11,3 0 675,1 0 6357,8 60,0 2314,5 12613,0
2014, VIII 8756,1 0,9 0 1680,8 0 5004,8 0 2513,4 13808,8
2014, IX 6172,9 1,2 0 737,7 0,2 3390,6 0 1743,9 9584,4
2014, X 9237,4 3,3 0 981,4 0,5 4055,0 0 2415,9 13320,5
2014, XI 6637,4 0,7 0 2283,7 2,1 6401,8 0 2367,5 13089,5
2014, XII 12778,0 2,5 0 3567,0 2,2 30104,7 0 7816,6 42951,4
----------- ------- ------- ------- ------- ------- -------- --------- ------- --------
Барлығы 89005,6 82,9 0 11636,1 5,0 97865,8 755,0 33770,2 188295,8
---------------------------------------------------------------------------------------
2013 61393,9 14,5 0 4479,4 X 59029,3 0 18374,8 120583,0
тренд, % +45,0 +471,7 X +159,8 X +65,8 X +83,8 +56,2
---------------------------------------------------------------------------------------
03.01.14 бастап 31.12.14 дейінгі кезеңде KASE негізгі (таңертеңгілік) сауда-
саттық сессиясында жасалған барлық мәмілелер бойынша есептелген,
теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына
180,01 теңгені, барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 179,27
теңгені құрады.
Ағымдағы жылдағы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының
жылдамдығы орташа сараланған биржалық бағам бойынша жылдық
18,36 % құрады.
2013 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясының деңгейі номиналды
көрсетілімде 2,20% құрады.
2011 жылы теңгенің АҚШ долларына ревальвациясының деңгейі номиналды
көрсетілімде 1,58 % құрады.
[2015-01-08]