"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) өзінің жай акциялары бойынша 2013 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

05.01.15 15:32
/KASE, 05.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) есми тізімінде тұрған, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... 2013 жылға акциялар пакетіне дивиденд төленді. Дивиденд мөлшері бір жай акцияға 30 теңге 37 тиынды, ал төленген дивидендтің жалпы сомасы 652,285,520 (алты жүз елу екі миллион екі жүз сексен бес мың бес жүз жиырма) теңгені құрады. Төлем 2014 жылдың 29 қаңтарында, ақша қаражаттарын Жалғыз акциоен – "Самұрық-Қазына" АҚ банктік шотына аудару арқылы, жүзеге асырылды. [2015-01-05]