2015 жылдың 22 қаңтарында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

05.01.15 14:49
/KASE, 05.01.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 22 қаңтарында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп хабарлады. Жиналыстың күн тәртбіндегі жалғыз сұрақ компанияның Корпоративтік басқару кодексін бекіту болып табылады. Аталмыш жиналыс: Ақтау қ., құс фабрикасының маңайы, компанияның офисі мекен-жайында өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:45-тен бастап басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 12 қаңтарындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 23 қаңтарында сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. [2015-01-05]