"Ай Қараауыл" АҚ өз Басқармасының құрамының өзгергені туралы хабарлады

26.12.14 18:38
/KASE, 30.12.2014/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ай Қараауыл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: цитата басы ... 2014 жылдың 23 желтоқсанында болып өткен Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысының шешімімен "Ай Қараауыл" АҚ атқарушы органының құрамы өзгертілді: - шығарылды – Рахымбаев Мәлік Мырқасымұлы - тағайындалды – Жанасов Кәрім Ғабитханұлы. цитата соңы [2014-12-3026]