"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигациялары 26 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

26.12.14 18:17
/KASE, 26.12.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Екібастұз) KZ2P0Y05Е781 (KZ2C00002970; 10 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 26.12.14 – 26.12.19, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 9,0 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға BRKZb2 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/brkz мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-3026]