"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің KZ1P36280116 артықшылықты акциялары бойынша 2014 жылға дивиденд төлеуді көздеп отыр

26.12.14 17:57
/KASE, 26.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында өзінің, жай акцияға айырбасталатын, KZ1P36280116 артықшылықты акциялары бойынша 2013 жылдың желтоқсаны – 2014 жылдың желтоқсаны аралығындағы кезеңге, бір акцияға 0,01 теңге көлемде дивиденд төлейтіні туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес дивидендтер 2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2015 жылдың 15 ақпанына дейін төленеді, дивиденд төлеуге артықшылықты акциялар ұстаушылардың тізілімі 2014 жылдың 01 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрастырылады. [2014-12-26]