"Қазақтелеком" АҚ KZP01Y05E848 (KZ2C00003044, KZTKb3) облигациялары 26 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

26.12.14 17:46
/KASE, 26.12.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен "Қазақтелеком"АҚ (Алматы) KZP01Y05E848 (KZ2C00003044; 1 000 теңге, 21,0 млрд теңге; 26.12.14 – 26.12.19, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 7,5 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Қазақстелеком" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушыларының өкіл "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы)і Аталмыш облигацияларға KZTKb3 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kztk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-306]