"Банк ЦентрКредит" АҚ облигацияларының бес шығарылымы 26 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

26.12.14 17:42
/KASE, 26.12.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен "Банк ЦентрКредит"АҚ (Алматы) KZP06Y07D217 (KZ2C00002996; 100 теңге, 35,0 млрд теңге; 7 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,5 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға CCBNb26 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/tsbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-29]