"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ биржада "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZP01Y10E814 (KZ2C00002988, KZAGb2) облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді

30.12.14 10:38
/KASE, 30.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) өтініші негізінде "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZP01Y10E814 (KZ2C00002988, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZAGb2) облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді. Маркет-мейкер аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап өз міндеттемелерін орындауға кірісуі тиіс. [2014-12-30]