31 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP01Y09E709 (KZ2C00002731, AGKKb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

30.12.14 17:31
/KASE, 30.12.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап қайталама нарық секторында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP01Y09E709 (KZ2C00002731 KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb4; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 20.08.14 – 20.02.23; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360)) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі акцияның номиналды құнынан қазақстандық теңгемен көрсетілген ондық таңбаның екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Маркет-мейкердің міндетін аталмыш облигациялар бойынша "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) орындайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 20 тамызынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/agkk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-30]